Шымкентке қарасты Еңбекші ауданында орналасқан көшелерді жөндеу жұмыстары жоспарға сай атқарылған. 2019 жылы 167,8 млн. теңге қаржы бөлініп, 8,74 шқ асфальттау жұмыстары, 23,56 шақырым көшеге шағал-тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Бадам-2 (жоба құны 1 161,0 млн тг), Қарабастау тұрғын алаптарындағы (жоба құны 607,509 млн тг) және Леңгір тас жолындағы (жоба құны 433,87 млн тг, 2019 бөлінген қаржы 200,0 млн. тг) көпірлердің құрылыс жұмыстарына қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатса, Маятас (жоба құны 159,51 млн тг), Тоғыс (жоба құны 151,416 млн тг) тұрғын алаптарындағы көпірлердің ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды.
Жарияланды: 07.12.2019