Жарияланды: 27.06.2018

Серпін берер серпімді жобалар

ҚР индустриалды-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасы Түркістан облысында сәтті іске асырылуда.  Бүгінде аталмыш бағдарлама аясында ашылған жобалар облыс экономикасын ұлғайтуға септігін тигізіп қана қойма, жаңа жұмыс орындарын ашып, халықтың әл ауқатын көтеруге де көмегі тиіп отыр. Былтырғы жылы ашылған жобалардың ішінде ауыз толытырып айтарлықтай жетістікке қол жеткізіп отырғандары да баршылық. «Тассай» индустриалдық аймағында ашылған «Шымкай» ЖШС-і, «Созақ» индустриалдық аймағындағы «Сырлы Созақ» ЖШС-і полимерлі қалдықтарды қайта өндіру және төмен қысымды құбыр өндірісін іске асыруда. Ал «Түркістан» индустриалдық аймағындағы  «Cordial» ЖШС-і  жеңіл жиһаз өндірісімен айналысады. «Стройсервис-ХХІ» ЖШС-і құрылыс материалдарын өндіруде асығы алшы. «БАДАМ ҚТИА» индустриалдық аймағында «Artel Manufacturing» ЖШС –і газдық плита өндірісін іске асыруда. «Қазығұрт» индустриалдық аймағында «Отырарабат-Құрылыс» ЖШС газо-бетон өндірісі мен айналысады. 10 инвестициялық жобаның жалпы құны  7 816,5 403 теңгені құрайды. Өткен жылы жүзеге асырылған жобалардың аяқ алысы жаман емес. Алдағы уақытта бұдан да өндіріс қарқынын үдететіні сөзсіз. Бұл өз кезегінде өзге де жобаларға серпін берері сөзсіз.

1 307 қаралым