Жарияланды: 07.12.2019

Монополистерге 100 млн. теңгеден астам айыппұл салынған

Шымкент қаласы әкімдігінің  ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде ҚР ҰЭМ ТМР комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті брифинг берді. «Бұл жыл ішінде келіп түскен 212 арыз бойынша жүргізілген жоспардан тыс тексерулердің нәтижесі»- деп баспасөз брифингі барысында ҚР ҰЭМ ТМР комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Д. Кайнбердиев атап өтті.
     Қазіргі таңда аталған сомманың 41,2 млн. теңгесі өндірілген. Сондай-ақ, Заңнаманы бұзушылықтарды тез арада жою туралы 35 нұсқама шығарылып, тұтынушылардан негізсіз алынған 286,6 млн.тенге қайтарылыпты. (газбен жабдықтау – 251,6 млн.тенге, жылу энергиясы бойынша – 34,7 млн.тенге, кірме жолдар бойынша – 331,5 мың тенге).

Монополистер өтінімдері мен есептерін электронды түрде тапсырады бұл «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыра отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған қадам екендігін баспасөз брифингінде ҚР ҰЭМ ТМР комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент өкілдері атап өтті. Және де Департаментте «53-42-66» сенім телефоны іске қосылып, жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен ұсыныстары үшін арнайы жәшіктер де орнатылған.

827 қаралым