Жарияланды: 01.07.2018

Түркістан облысында эко-қала салу жоспарлануда

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Оңтүстік Корея мен Астанадан келген делегациямен кездесті. Онда тараптар аймақтағы «Жасыл» экономика жобалардың іске асырылу барысын талқылады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.«Қазіргі уақытта Түркістан қаласы, аймақтық орталық бола отырып, инфрақұрылымдық жобаларды елеулі түрде дамытуды талап етеді. Инвестиция тарту дұрыс ұйымдастырылса, болашақта Орта Азиядағы инвестициялық бумның ең белсенді нүктелерінің бірі бола алатын осы бірегей қаланың даму әлеуетін бағалау қажет» — деді өңір басшысы.Кездесуде Түркістан аймағында эко-қалаларды құру және аймақты энергиямен жабдықтау, сондай-ақ SuperGrid арқылы асқан энергияны ұзақ қашықтыққа экспорттауға бағытталған «Жасыл» энергетика саласындағы жаһандық жобалар талқыланды. Қазақстанның «Жасыл» тұжырымдамасы шеңберінде аймақтың өршіл міндеттерін ескере отырып, «ОҢТҮСТІК» АИО Түркістан аймағында тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеудің тұжырымдамалық бағдарламасын әзірлеп, Түркістанда пилоттық жобаны іске асыруды ұсынған болатын. Бұл жлба жүзеге асырылса инновациялық даму үдерісіне қосылған тың үлес болары сөзсіз. Оңтүстік Кореялық серіктестер Түркістан қаласындағы қатты қалдықтардың морфологиясын зерттеп, ынтымақтастық туралы ұсыныстарға қызығушылық танытты. Нобель сыйлығы лауреатының кезекті сапары Түркістан қаласындағы «жасыл технологиялар» негізінде жобаларды іске асыру үшін инвестициялар тарту және технологиялар трансферті ретінде болуы жоспарлануда.

1 017 қаралым