Жарияланды: 07.12.2019

Көлік-логистикалық орталықтың мүмкіндіктері толық пайдаланылмақ

Қала әкімдігі шаһардың іргесінде орналасқан Көлік-логистикалық орталығының мүмкіндіктерін толық пайдаланбақ.

92 гектар аумақта алғаш болып іске қосылған нысан – «Continental Logistics Shymkent» компаниясы. Жобалық құны — 15 796 млн. теңге болатын нысанның мақсаты – тауарды жинау және сақтау. Кешеннің негізгі артықшылығы – нысанның қолайлы жерде орналасуында, деп хабарлайды «Отырар». Ең алдымен әуежайға жақын және теміржол бар. Жоспар бойынша кешен толық қуатына қосылғанда мұнда жылына 1 млн. тонна тауар өткізуге мүмкіндік болады. Көлік логистикалық орталығының қоймаларында фььючерс арқылы сатып алынған өнімдерді сақтауға мүмкіндік мол. Көлік-логистикалық орталықтағы қоймалар екі класқа жатады. «А» класына жоғары сапалы материалдардан салынған заманауи бір қабатты ғимараттар кіреді. Қоймалардың осы санатын салуда қолданылатын материалдар мен технологиялар әлемдік және халықаралық стандарттарға сай келеді.

842 қаралым