Жарияланды: 08.12.2019

Шымкентте балалар алаңшасы пайдалануға берілді

Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты Тоғыс тұрғын алабында әріптестік серіктестік аясында спорт және балалар ойын алаңшасы , әртүрлі жаттығулар жасайтын тренажер орны пайдалануға берілді. Бұл жоба инвестиция тарту арқылы жүзеге аскан. Жалпы Қайырымды қала Шымкентте осы тектес 79 нысан бой көтерген.
300 жуық балалар мен тұрғындарға бір сәтте спортпен айналысуға мүмкіндік беретін нысанда волейбол, баскетбол, шағын футбол ойнауға алаңшалар жасақталған. Шымкент қаласы әкімдігінің атқарып жатқан ауқымды жұмыстарының бір нәтижесі осы.

751 қаралым