ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің ағымдағы жылы атқарған жұмыстары ауқымды.
Қазіргі таңда Департаментте 75 реттеліп көрсетілетін қызмет түрі бойынша 58 табиғи монополиялар субъектілері тіркелген. Тарифті реттеулер бойынша
- жылдан бастап тарифтерді төмендету – 4,0 млрд.теңге.
Мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 7 қарашадағы Қауіпсіздік кеңесінде берген тапсырмаларын орындау мақсатында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап табиғи монополия субъектілерінің және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің коммуналдық қызметтеріне тарифтері төмендетілді (барлығы 12 ТМС және ҚМБНС). Төмендеулер қызмет түрлері бойынша төмендетілді:
1.Жылумен жабдықтау саласында орташа тарифі:
— тұрғындарға 1 Гкал үшін 6055,48 теңгеден 4910,28 теңгеге немесе 18,9%-ға,
— заңды тұлғалар үшін орташа тариф 1 Гкал үшін 17319,26 теңгеден 15587,34 теңгеге немесе 10%-ға төмендеді (ҚҚС-н қоса есептегенде).
— бюджеттік мекемелерге өзгеріссіз қалдырылды.
2.Сумен жабдықтау бойынша тарифтер орташа есеппен 75 % төмендеді, суды бұру бойынша тарифтер 6,8% төмендеді.
3.Газбен жабдықтау саласында тарифтер:
— тұрғындарға 1 м3 үшін 34,47 теңгеден 32,47 теңгеге немесе 5,8%-ға;
4.Электрэнергиясы саласы бойынша тарифтер орташа есеппен 6,8% төмендеді
Жалпы тарифтердің төмендеуі 12 табиғи монополия субъектілерінің және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерін қамтып, барлығы тұтынушылар үшін үнемделген қаржы шамамен 4,0 млрд. теңге болады. («Энергопоток» ЖШС – 2679 млн. теңге, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС – 592,5 млн. теңге, «Қуатжылуорталық-3» МКК – 410,0 млн. теңге, «3-Энергоорталық» АҚ – 98,0 млн. теңге, «ҚазТрансгаз Аймақ» ШФ – 102,7 млн. теңге, «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК – 52,6 млн. теңге, «Женис-Т» ЖШС – 37,3 млн. теңге және басқалар). халыққа барынша қолайлы жағдай жасау бойынша Шымкентте осындай жұмыстар атқарылуда.