Жарияланды: 08.12.2019

Шағынаудан көшелері толық асфальтталады

Шымкенттегі «Тұран» шағынауданында 5 көше асфалтталады. Құрылысқа бюджеттен 5 млрд. 457 млн. теңге қаражат жұмсалады.

Мұнда қоныстанушылардың қатары күн санап артып келеді. Жоспарға сәйкес мұнда 67 мың халық қоныстанатын болады, деп хабарлайды «Отырар».

Бақыт Әбдікәрімов, қалалық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы: «Бұл шағын ауданға барлығы 10 млрд. теңгеге коммуналдық жүйелер тартылады, бәрі жоспарланған. Кейбірінің жобалық-сметалық құжаты да дайын».

Шаһардағы кең көшелердің тізіміне енген бұл жолдарда жаяу жургінші, веложолдар мен жасыл желек қарастырылған. Сала мамандарының айтуынша, жоспарсыз салынған бірнеше баспана бұзылады. Әкімдіктегілердің айтуынша, алдағы үш жылда шағынаудан көшелері толық асфальтталады. Тұрғындар үшін тіршілікке қажетті коммуналдық жүйелерді жүргізу үшін барлық жобалық-сметалық құжат әзірленіпті және кезеңімен қаражат бөлінеді дейді.

875 қаралым