Жарияланды: 08.12.2019

«Шымситидағы» тұрғын үйлер сейсмикалық жағынан күшейтілген

«Шымситида» салынып жатқан тұрғын үйлер сейсмикалық жағынан күшейтілген. Әрі құралмалы құрылыс материалдары қолданылып салынған. Сала мамандары мұны құрылыстың жылдам әрі уақтылы тапсырылуына негіз болады деп сендірді.

 «Шымситидағы» үйлердің аулалары абаттандырылған. Балалар ойын алаңшалары орнатылған. Қажетті инфрақұрылым толық жүргізілген.

Шымкентте келер жылы 55 көпқабатты үй салынады. Оның 9 қабатты 8 тұрғын үйі дәл осы «Шымсити» шағынауданында бой көтереді. Оған республикалық бюджеттен қаражат бөлінген.

1 268 қаралым