Жарияланды: 08.12.2019

Барлығы да тұрғындар үшін…

Шымкенттіктердің тұрмысын жақсарту мақсатында бүгінде қолайлы жағдайлар жасалуда. Оны бір дәлелі күні кеше қалаға қосылған елді мекендерде спорт алаңшалары ашылып, пайдалануға тапсырылды.  Тоғыс тұрғын алабындағы Мұнайбарлаушылар көшесіндегі 24 көпқабатты тұрғын үйлердің орталығына 2 футбол, 1 баскетбол, 1 тренажер, 1 воркаут және балалар ойын алаңшасы орнатылды. Сондай-ақ, Маятас тұрғын алабына 1 футбол, 1 тренажер және балалар ойын алаңшасы орнатылды. Бұдан бөлек, Тоғыс тұрғын алабындағы Шұғыла көшесіндегі Наурыз алаңына 1 футбол, 1 баскетбол, 1 тренажер және балалар ойын алаңшасы, Елтай тұрғын алабына 1 футбол, 1 баскетбол алаңшалары және Жыланбұзған тұрғын алабына 1 футбол, 1 баскетбол, 1 тренажер, 1 балалар ойын алаңшасы мен Айнатас тұрғын алабына 1 футбол алаңшасы орнатылды.

694 қаралым