Жарияланды: 08.12.2019

Әкімнің бастамасына қолдау білдіруде

Қайырымды қала Шымкенттің тұрғындары қайырымдылық жасаудан әрдайым алда. Осылайша қала әкімі Ерлан Айтахановтың бастамасына қолдау білдіруде. Күні кеше еріктілер Шымкенттегі Балалар үйінің тәрбиеленушілерін қуантты. Арнайы концерт қойды. Түрлі салада жетістікке жеткен тұлғалар балаларға мотивация берді. Түрлі шеберлік сағаттарын өткізді. Соңында демеушілердің сыйлықтарын ұсынды. Республикаға танымал фотографтар балапандарды естелікке суретке түсірді. Қайырымдылық жасау, өзгенің тамаша жобасын қолдау жүректі жылытады, жаныңа раxат сыйлайды. Қаншама адам осы бір игі іске ат салысты. Тегін қызмет көрсетті. «Сеніміңді жоғалтпа» деген ұранмен өткен шара балаларға да, бізге де тамаша эмоциялар сыйлады. Ұйымдастырушы Тимур Шайдуллин қаншама жанның алғысына бөленіп, бәріміздің басымызды қосып, сауапты іске ат салысуымызға мүмкіндік жасады. Шара өте жоғары деңгейде өтті.

Нұрзина Төреханова

951 қаралым