Жарияланды: 08.12.2019

Мереке қарсаңындағы қуаныш

Əкім барған іс-шара. Ел Тəуелсіздігінің 28 жылдығы қарсаңында болған қуаныш. Бірақ, бүгінгі жазбамды осылай бастамасам, жақсының жақсылығын елге айтпасам, болмады.

Тоғыстың ғана емес, Төлеби ауданынан  қала аумағына енген Маятас, Жыланбұзған, Елтай, Айнатас елдімекендерінің проблемаларын да сол 2015 жылы зерттеудің сəті түсті. (Бұдан бөлек Сайрамнан енген Тұрдыабад, Абдулабад, Шаңырақ, Базарқақпа деген ауылдар да бір сайлау учаскесінде)

2016 жылы сəуірде осы аумақтан қала мəслихатына сайланған депутат Марат Тамабаев өзіне көмекші болуға шақырды. Қуана келісіп, Марат Сəрсекұлымен бірге əр елдімекеннің тұрғындарымен кездесуге қатыстым. Тұрғындардың сол кездегі:

Тұрғындармен кездесуден қайтқан соң əр мəселе бойынша қала əкіміне жеке-жеке ұсыныс хат жыздырады. Тексереді. «Мынаны дұрыс жеткізбегенсің. Мына екі мəселені бірге қосып жібергенсің бұған қаржы сұрау үшін жеке-жеке атап өту керек» деп түйінді тарқатып түсіндіріп, қайта түзететін. Заңды да,  Н.Назарбаевтың Жолдаулары мен тапсырмаларын да, қаланы дамыту жоспарын да алға тарта отырып, нақты ұсыныстар жасайтын.

Сосын тозығы жеткен көпірлер, жол белгілері, аялдамалар, көшелерді жарықтандыру, қоғамдық көлік, ауызсу, кəріз жүйесі біртіндеп шешімін таба бастады.

Кəріз жүйесі де жаңарып, станция соғылып, көпқабатты 24 үйдің кəріз жүйесі іске қосылды ғой. Былтыр желтоқсанда. Ол кезде Мұнайбарлаушылар көшесінің тұрғындары көзіне жас алып қуанды.

«Бұл жақ əлі керемет болады. Қаланың ең саялы аймағына айналады, — деп қуанып, мандатына шын ықыласпен қызмет ететін Марат Сəрсекұлы жыл басында спорттық ойын алаңшаларына да қаржы табылғанын айтты.

Айта кетейік, Тоғыс тұрғын алабы, Мұнайбарлаушылар көшесінде 2 футбол (20х40), 1 баскетбол және волейбол (16х30), 1 тренажер, воркаут және балалар ойын алаңшалары орнатылды.

Ақмарал Молдиярқызы

984 қаралым