Жарияланды: 08.12.2019
100 пайыз қосылды
Шымкент қаласында жылыту маусымы басталғалы орталық қазандықтан жылытылатын 1889 көпқабатты үйлердің 95 пайызы, 400 — ден астам бюджеттік мекемелер жылуға 100 пайыз қосылды. Осындай мәлімет берген «ҚуатЖылуОрталығы-3» коммуналдық мекеме басшыларының айтуынша, жылу беруде қиындық жоқ. Бүгінгі таңда көпқабатты үйлерге беріліп жатқан жылудың температурасы шығысында 50, қайтарымы 40 градус болып тұр. Ауа райы салқындаса жүйедегі температура да көтерілетін болады.Айта кетейік, беріліп жатқан жылуға есептегіш құралдары жоқ тұрғындарға төлем 1 қарашадан бастап есептеледі. Жылу Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановтың қатаң бақылауында тұр.
2019-12-08
1 082 қаралым