Жарияланды: 08.12.2019

8 млрд. теңгеден астам қаражат қаралған

5 көпір, 35 күрделі және 50 орташа жол жөндеу жұмыстары. Бұл Шымкент қалалық әкімдігінің 2019 жылға жоспарлап, жүзеге асырған жұмыстары.

Осы нысандардың құрлысына қала бюджетінен 8 млрд. теңгеден астам қаражат қаралған. Сала мамандарының мәлімдеуінше, бүгінгі таңда жолды орташа жөндеу жұмыстарының 80 пайызы аяқталған. Жалпы Шымкент қаласындағы көшелердің ұзындығы 3 мың шақырымға жуық. Жолдарды жаңғырту оның маңыздылығына байланысты іріктеледі екен. Қала әкімдігі 2018 жылы 100 көшені жөндеуден өткізіпті. Алдағы жоспар 111 шақырым жолдарға шағал төсеу.

794 қаралым