Мұндай мәртебе ШымшаҺарға бекер берілген жоқ. Соңғы 3 жылдың ішінде қала аумағы 117 мың гектарға кеңейіп, жаңа аудандар қосылды. Экономикасы өсті. Сондай-ақ, миллионға жуық қалада мәдени шараларды өткізетін жаңа нысандар бой көтерді. Бұл өз кезегінде еліміздегі үшінші мегаполис қаланың әлеуетін арттыруға үлкен мүмкіндік береді. Жылнаманы қарсы алуға жергілікті халық пен билік бек дайын. Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда ТМД-ның мәдени астанасы мәртебесін 2012 жылы Астана қаласы, 2014 жылы Алматы қаласы иеленген болатын.