Жастар жылында жастарға барынша қолдау көрсетілді. Тұрғын үймен қамту, жұмысқа орналастыру және білім беру жағына баса назар аударылды. Жалпы, 2 млн-нан астам азамат мемлекеттің қолдауына ие болған. 900-ден астам жасқа Шымкентте арендалық баспана берілмек. Шымқалада мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының жүзеге асырылып жатқанының жарқын көрінісі осы. 172 мың маман жұмысқа орналасса, 20 мың адам кәсіпкерлік негіздерін оқыды. Оның ішінде, 9 жарым мың жасқа бизнес-жоспарын іске асыру үшін грант берілді. Шымкенттік жастар жасалып жатқан қолайлы жағдайлар үшін алғыс жаудыруда.