Жарияланды: 10.12.2019

Жүзеге асқан жұмыстар басым

Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби ауданы Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында ауданымыздың «Қоғамдық келесім кеңесінің негізгі бағыты мен мақсат-міндеттері» атты семинар өтті. Семинарға Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, мүшелері және ауданымыздың өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген беделді де белсенді ардагерлеріміз, ақ-жаулықты аналарымыз, Шымкент қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері қатысты. Жалпы жыл басынан бері қоғамдық кеңес қала тұрғындарының тұрмыс ахуалын жақсарту, қаламыздағы инфрақұрылым жүйлері, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының іске асырылу барысы жайлы бірнеше рет талқылау өткізді. Қалалық әкімдік тарапынан жүзеге асқан жұмыстар басым.
Жалпы семинарда аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің 2019 жылы атқарған жұмыстары мен алға қойған міндеттері күн тәртібінде қаралды. Жиын соңы сұрақ-жауап, пікір алмасу мен аяқталды.

956 қаралым