Жарияланды: 10.12.2019

Инфрақұрылым басты назарда

 

Бүгінде Шымкент қаласы әкімдігінде «Халықпен кері байланыс» орнатылған. Осы бойынша нақты да нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Қала тұрғындары өзі тұрып жатқан шағынаудандағы инфрақұрылым тағы да басқа мәселелерді айтып, қала әкімінің порталына сауал жолдайды. Сала мамандары мәселенің қашан шешімін табатынын айтып нақты жауап береді. Жуырда Солтүстік саяжай шағынауданының тұрғыны жарық, табиғи газ қашан тартылатынын айтып сауал жолдаған болатын. Шымкент қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы ның мамандары аталған ауданда мәселені шешу үшін бүгінде жобалық-сметалық жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып отыр. Жұмыс жобасы әзірленіп біткен соң 2020 жылы құрылыс жұмыстарын жүргізуге ұсыныс берілмек. Осылайша Шымкенттегі шағынаудандарының біріндегі инфрақұрылым мәселесі шешімін таппақ.

903 қаралым