Жарияланды: 10.12.2019

Екі тарапқа да тиімді…

 

Шымкент қаласының ақпарат саласының мамандарына барынша қолайлы жағдай жасалған. Қалалық әкімдік ақпараттық коммуникациялық орталығын ақпарат алмасатын алаңға айналдырған. Бұл өз кезегінде екі тарапқа да тиімді. Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет туралы Заңындағы өзгертулер жөнінде толығырақ ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев айтып берді.

Заңдағы жаңа нормаға сәйкес, әкімшілік лауазымдарға конкурстан тыс халықаралық, шетелдік және трансұлттық ұйымдарда кемінде соңғы бес жыл жұмыс өтілі бар шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының PhD докторлары мен мамандар енгізіледі.

Айта кетейік, бұған дейін әкімшілік лауазымдарға конкурстан тыс орналасу құқығы тек судьялар, депутаттар, саяси және халықаралық қызметшілерде ғана болатын.

834 қаралым