Жарияланды: 10.12.2019

Инфрақұрылым игіліктерін көріп отыр

 

Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданы қалаға жаңадан қосылған аудандардың бірі. Соған қарамастан бүгінде аудан толықтай инфрақұрылым игіліктерін көріп отыр. Инфрақұрылыммен қамтуды одан сайын жақсарту мақсатында бүгінде ауқымды жұмыстар қолға алынған. Ауданға қарасты «Достық» шағынауданының жаңақұрылыс аумағын сапалы электр жарығымен қамту үшін құрылыс жұмыстарын атқаруға мемлекеттік сатып алу рәсімдері атқарылған. Ауданды сапалы электр жарығымен қамту мақсатындағы құрылыс жұмыстары «Асар-2» шағынауданы мен Тассай, Өтеміс және Шапырашты тұрғын алаптарында да жүзеге асырылуда.

1 054 қаралым