2019 жыл Шымкент қаласы үшін жемісті жыл болды деуге болады. Қаланы инфрақұрылммен қамту саласында айтарлықтай жетістік көп. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын іске асыруда да оң өзгерістер жетерлік. Тұрғын үй құрылысы саласында бюджет есебінен 3 578 пәтерлі 59 арендалық және кредиттік тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 1 554 пәтерлі 27 тұрғын үйді халық игілігіне беру жоспарланған. Одан бөлек, жеке инвесторлар есебінен 1 293 пәтерлі 26 коммерциялық тұрғын үй пайдалануға беріледі. Жылдың соңына дейін көрсеткішті 470 мың шаршы метрге жеткізу жоспарлануда. Осылайша мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының игілігін көретіндердің қарасы көбеймек.