Жарияланды: 10.12.2019

Қосымша қаржы қаралды

 

Қала аумағындағы шағынаудандардың мәселесін шешу күн тәртібінде тұр. Шымкент қаласына қосылған елдімекендерге жол салу, газ тарту, электр жарығымен және ауыз сумен қамту бүгінде қала әкімінің басты назарында. Қала әкімі ең алдымен осы шағынаудандардың мәселесін шешуді тиісті салаларға тапсырып отыр. Осы мәселелерді шешу үшін республикалық бюджеттен 6,2 млрд. теңге қосымша қаражат бөлінген. Достық шағынауданынан басталатын магистралды су құбыры аяқталып, нәтижесінде Ынтымақ, Жаңатұрлан, Батыс елдімекендеріне су жеткізілмек. Шымкент қаласындағы Тұран шағынауданындағы «Әдия» және «Отау» тұрғын үй кешендеріне баратын жол құрылысына да қосымша қаржы қаралды. Жуырда ғана аьалған тұрғын үй кешеніне дейін қоғамдық көлік қатынай бастады. Жалпы, алдағы уақытта шалғайдағы елдімекендердің жол-инженерлік инфрақұрылым жүйелеріне қаржы қаралатын болады.

895 қаралым