Жарияланды: 10.12.2019

Инвестициялық бағдарлама бекітілген

 

Шымкент қаласының іргесіндегі елдімекендерді кәріз жүйелерімен қамту басты назарда тұр. Негізгі инфрақұрылымдардың біріне жататын бағыт болғандықтан ешқашан назардан тыс қалмасы анық. Негізг іс — шараны жүзеге асыру мақсатында «Шымкент қаласы әкімдігінің су құбыры және канализация басқармасы» МКК сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне арналған «2016-2020 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы» бекітілген болатын, деп хабарлайы «Отырар». Құжатта биыл Шымкент қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру бойынша жоспарланған жұмыс көлемі 107 млн. 487 мың теңгені құрады.
2016-2018 жылдары теңгерімге қабылданған негізгі құралдар амортизациялық аударымдардың сомасын ұлғайтты, бұл инвестициялардың қаржылық көздерін 107,487 мыңнан 246,989 мың теңгеге дейін арттырды. Тұтынушылардың жалпы саны ағымдағы жылы «суды тұтыну» бойынша 10,63 пайызға және «су бұру» бойынша 15,05 пайызға өсті.

1 271 қаралым