Жарияланды: 10.12.2019

Жұмыстар қарқынды жүргізілуде

 

Шымкент қаласының құрамына кірген елді мекендерді қалаға жақындастыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Қала әкімі Ерлан Айтахановтың тапсырмасына сай енді аудан әкімдері бөлінген қаражаттың басым бөлігін осы елді мекендердің инфрақұрылмды дамытуға жұмсауы тиіс. Шымкент қаласына қосылған 40 елді — мекеннің 16-сы осы Еңбекші ауданында. Мұнда инфрақұрылым мәселесі біртіндеп шешімін тауып келеді. Аудан әкімі Ғалымжан Ильясов тұрғындардың коммуналдық мәселелерін шешу жолдарын қарастырып жатқанын айтты. Алдағы уақытта аудандағы елдімекендер толықтай инфрақұрылыммен қамтылмақ.

1 162 қаралым