Жарияланды: 11.12.2019

Шымкент қаласының бюджеті 100 млрд. теңгеге ұлғайды

 

Шымкент қаласының әкімі Е.Айтаханов бұл жөнінде қалалық мәслихаттың кезекті 58 сессиясында мәлімдеді. Қазына қаржысы 342 млрд теңгеден асып түскен. Ал, бұл қаражаттың қайда қандай мақсатта жұмсалғанын қала әкімі депутаттарға егжей-тегжейлі түсіндірді. Қала қазынасы қомақтыланған соң ең алдымен инфрақұрылыммен қамту мәселесі шешілмек. Сонымен қатар Е.Айтаханов қаладағы проблемаларды анықтап, 3 жылдық жоспар құрдық , — деді бүгінгі қалалық мәслихатың кезекті сессиясында. Бұл жоспарды Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевта қолдап қуаттағанын атап өтті.

1 182 қаралым