Жарияланды: 11.12.2019

2020 жылы Шымкент қаласында 4 саябақтың құрылысы басталады

 

2020 жылы Шымкент қаласында 4 саябақтың құрылысы басталады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Е.Айтаханов бұл жөнінде қалалық мәслихаттың кезекті 58 сессиясында мәлімдеді. Жасыл желекке оранған әсем қаламызда тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынатын шараны шымкенттіктер қуана құптап отыр. Инфрақұрылыммен толық жабжықталған, барынша қолайлы жағдай жасалған саябақтар қалалықтардың сүйікті мекеніне айналары сөзсіз. Қала әкімдігінің атқарып жатқан жұмыстарына қалалықтар дән риза.

1 199 қаралым