Министрлік атаулы әлеуметтік көмек берудің қолданыстағы жүйесін өзгертетін заң жобасын әзірледі. Мемлекет бірінші кезекте балаларға және көп балалы отбасыларға көмектеседі. Еңбекке қабілетті азаматтарды еңбекке ынталандыру, табысы аз азаматтардың табыстарын және мемлекеттік қолдау мөлшерін есепке алуға қатысты әділдік пен ашықтық қамтамасыз ету үшін заңға тиісті өзгерістер дайындалды.
Ұсынылып отырған жаңа ұстанымдар:
— көпбалалы аналарды қолдауды;
— жаңғыртылған атаулы әлеуметтік көмекті;
— кепілді әлеуметтік көмекті қамтитын болады.
Табысы аз балалардың 60%-ға жуығы көпбалалы отбасынан шыққан балалар (56,5%).
Осыған байланысты, көпбалалы отбасыларды қолдау үшін атаулы әлеуметтік көмек алушы көпбалалы отбасылар құрамынан балаларды шығарып, оларға табысқа қарамастан берілетін мемлекеттік жәрдемақыға ауыстыруды ұсынып отырмыз. Бұл көпбалалы аналардың беделін мойындап, олардың әл-ауқатын арттырудың бірден бір жолы болады.