Жарияланды: 17.01.2020

«Оңтүстік» индустриалды және экономикалық аймақтарында былтыр 5 кәсіпорын ашылды

 

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының аумағында 212 өндірістік өнеркәсіп орындары орналасқан. Оның 5-еуі өткен жылы үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында «Оңтүстік» индустриалды және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтарында іске қосылды. Құны 4 193,0 млн теңгені құрайтын өндіріс орынында 140-тан астам жаңа жұмыс орындары іске қосылды.

Сонымен қатар 1 500,0 млн. теңгеден астам жеке инвестиция негізінде 1 сауда үйі мен 1 демалыс аймағы жұмысын бастады.
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында, кәсіпкерлікті дамыту бойынша төмендетілген пайызбен несие беретін мекеме мамандарының қатысуымен жеке кәсіпкерлер мен кәсіпкерлікке ынталы азаматтармен тұрақты түрде семинар-кеңестер және жиналыстар өткізіліп тұрады.

873 қаралым