Жарияланды: 20.01.2020

Түркістандық «Ізгілік елшілері» – қайырымдылық жасауда

Түркістан облысынның барлық ЖОО мен колледждерінде «Ізгілік елшілері» аясында «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Абуова Нұржаханның ұйымдастыруымен «Адам жанының нұры-қайрымдылықта» тақырыбында еріктілер жылының алғашқы қадамын қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

Шараның мақсаты- мұқтаж жандарға қамқорлық жасау және қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру.

Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей, кемтар, жетім, қарттарға жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу — әрбір адамның азаматтық парызы. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.

Аталған шара аясында тұрмысы төмен отбасыларға,әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға,отбасы балалар үйінің балаларына қуаныш сыйлады .

1 122 қаралым