Жарияланды: 31.03.2020

Әлеуметтің әлеуетін арттыру үшін…

 

Шымкент қаласында 2020 жылдың 2 айында 316 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Оның ішінде: Тұрақты жұмыс орындарына жолданғандар — 205; Ақылы қоғамдық жұмыс орындарына жолданғандар — 81 азамат; Әлеуметтік жұмыс орындарына — 4 азамат; Жастар практикасына — 13 азамат; Жеке кәсіпкерлігін ашқандар — 3 азамат. Жаңа жұмыс орындары: 2020 жылға 15 115 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып отыр. Оның: 11 438 тұрақты, 3 677 уақытша жұмыс орындары. 2 айда 921 тұрақты жұмыс орындары және 1 122 уақытша жаңа жұмыс орындары ашылды. Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу жұмыстары жүргізілуде. Мұның барлығы да Шымкент қаласының әлеуметтік дамуы бағытында атқарылып жатқан шаруалар. Алдағы уақытта әлеуметтің әлеуетін арттыру үшін атқарлар жұмыс көп.

942 қаралым