Жарияланды: 31.03.2020

Табиғатты аялауға үндейтін сайыс…

Шымкент қаласындағы №89 мектеп-лицейінде игі іс-шаралар ұйымдастыру назардан тыс қалған емес. Жас ұрпақтың бойына айнала қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа жанашыр болу сынды қасиеттерді сіңіру мақсатында  «Табиғатым сырласым…» атты қыл қалам шеберлерінің сайысы ұйымдастырылған болатын. Қылқалам шеберлеріне қаланың әсем табиғатын суреттеу, қала тазалығын шынайы бейнелеу міндеті жүктелген. Оқушылар бұл міндетті асыра орындап шықты. Сырлы табиғаттың сырын ұғынған жас таланттар Шымкенттің шырайлы қала екендігін шынайы бейнелей білді. Сайыс онлайн өтті. «Қала тазалығын сақтауға үлес қосу, табиғатты қорғау  біздің басты міндетіміз. Сондықтан да салған суреттеріміз әрбір қала тұрғынына ой салса дейміз» дейді жас таланттар.

Бақдәулет Таңбай

872 қаралым