Жарияланды: 31.03.2020

Тазалықшылармен біріге жұмыс атқаруда…

Фото Н.Байбақ

Бүгінде Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері жөнделіп, әрленуде. Қаланың ажары кіріп, көріктендірілуде. Қаратау ауданындағы 30 көп қабатты үйлердің қасбеттерін ретке келтіру «Ақ-Орда корпорациясы» АҚ тарапынан атқарылатын болады.  Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың сәуір айына жоспарланған. Атқарылып жатқан жұмыстар, қаланың ажарын ашып, қала тазалығына да мол үлес қосуда. Ақордалықтар қала тазалықшыларымен біріге жұмыс атқаруда. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң, жауапты мекеме мамандары құрылыс заттарының қалдықтарын тазалайтын болады. Бұл өз кезегінде қала тазалығы үшін атқарылып жатқан жұмыстардың бір парасы ғана. Сонымен қатар, Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Атадан мал қалғанша тал қалсын» атты ұранымен аудан аумағында бюджеттен тыс 100 мың ағаш егу жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін аудан бойынша 10 мыңға жуық ағаш отырғызылды. Аталған іс-шараға аудан тұрғындарын белсене ат салысуда.

772 қаралым