Жарияланды: 31.03.2020

Жаңа сұрыптар саябақтарға көрік беріп тұр

Шымкенттегі дендросаябақ ауқымы жағынан еліміздегі ең ірі бақтардың бірінен саналады. Мұндағы ғылыми орталықта ғалымдар дарақтардың жаңа сұрыпын шығару үшін еңбектенуде. Саябақ аумағында кездеспейтін, оңтүстік өнірінде сирек кездесетін ағаш-бұталардың тұқымдарын кәсіпорынның ғылым, мониторинг және молайту бөлімінің орман шеберлері М.Медетова, А.Жаппарова, Ұ.Шепетова қыс айларында фундук, еуропалық бересклет, қызыл бересклет, аморфа, батпақты гибискус, грейг жауқазыны, кедр және шафран гүлінің тұқымдарын бөлме темпаратурасында өсіру мақсатында арнайы ыдыстарға сеуіп, іс-тәжірбиеден өткізуде. Ғалымдардың алған жаңа сұрыпы қаладағы саябақтарға көрік беріп тұр. Бұл өз кезегінде саябақтардың аптап ыстықта пана болар саялы мекенге айналуына сеп болып отыр. Дендросаябақ ғалымдардының бұл тарапта атқарып отырған шаруалары ауқымды. Ғалымдардың бұл еңбегі қала тұрғындарының қоғамдық-көпшілік орындарға, саябақтарға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастырары сөзсіз.  

938 қаралым