Жарияланды: 31.03.2020

Қала тазалығына жауапты…

Шымкент қаласының айнадай жалтырап, тап-таза болып тұруына үлес қосатын мекемелер көп. Солардың қатарында «ЛТД Тұрмыс» ЖШС, «Бәйтерек ЛБ», «Югдорсервис» және «СМД» ЖШС тазалық мекемелері қызмет көрсетеді. Қала тазалығы үшін ерен еңбек сіңіріп жүрген тазалықшылардың еңбегі ерек. Ауа –райының кез-келген жағдайында қоқыстан тазартып, жанкешті еңбек ететін жандар қандай мақтауыңызға да лайық. Қала орталығындағы көшелерге ғана емес, шағай шеткері жатқан шағынаудандарда да тазалық шаралары ұдайы жүргізіліп тұрады. Қалалық тұрғын үй шаруашылық бөлімінің бас маманы Ерубай Құралбаевтың айтуынша Шымқалада тағы да 15 көшеге тазалық жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, бұлардың қатарында Солтүстік-Батыс, Шұғыла, Сайрам, Бадам-1, Бадам-2, Жұлдыз, Қарабастау елдімекендері бар. 

878 қаралым