Шымкенттің шырайын ашатын ең әуелі тазалық болса керек. Осы бағытта әр жыл сайын қала бюджетінен миллиондаған қаражат тазалық үшін қарастырылады. Қала бюджетінің тағы бір бөлігі абаттандыру және тазалық жұмыстарына бағытталған. 2020 жылы 4 саябақ салынып, қалаға кіре беріс жолдардың бойы абаттандырылады. Тазалыққа жауапты мекемелер қаланың тазалығын қашанда жоғары деңгейде ұстауға мүдделі. «Мекеме белгіленген кесте бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды күніне бір рет тазалау керек болатын. Бірақ күл-қоқыстың көптігінен, халықтың көптігінен күніне 2-3 рет қоқыс тасып жатырмыз», дейді «Спецавтотранспорт» ЖШС-нің қызметкері Хадиша Тәжібаева. Абай, Еңбекші ауданын айтқанның өзінде, мұнда 300 мыңға жуық халық тұрады. Халық санына шаққанда шығарылатын қоқыс көлемі де ұлғайған. Көпқабатты үйлерге еуроүлгідегі 1 170 қоқыс контейнері қойылған. Екіжақты келісім бойынша тазалау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Қала тазалығын сақтау тұрғындардың мәдени сауаттылығының артқанын көрсетсе керек.
Жарияланды: 31.03.2020