Жарияланды: 31.03.2020

«Шымкент қызғалдақтар қаласы» атты сурет байқауы ұйымдастырылды

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясында, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 13 наурыздағы 3-15-6/1044-И хаты негізінде, 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 5 сәуір аралығында мектепте оқитын оқушыларды каникулға жіберілуіне байланысты, балалармен байланыс жасау бағытында «Шымкент қызғалдақтар қаласы» атты сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетін дарыту, өзінің тұратын қаласына деген құрметін арттыру, қала тазалығына үлес қосу, қоршаған ортаны аялап, табиғатты таза ұстауды дәріптеу болатын. Оқушылар өз кезегінде тазалықты басты ұстын ететіндерін әңгімеледі. Қызғалдақтардың, қаламыздағы саябақтардың суретін салып жарысты. Оқушыларға мұғалімдер тарапынан ӨТЕ ЖАҚСЫ деген баға қойылды!

1 079 қаралым