Жарияланды: 31.03.2020

Жасыл желекті күтіп-ұстауға көберек көңіл бөлінеді

Қала тазалығын сақтау, абаттандыру жауапты басқармалардың жұмысын ширатып келеді. Шымкенттің шаруашылық бөлімі биыл төрт негізгі бағытта жұмыс атқарады. Оның ең бастысы — тазалық және шаһарды абаттандыру. Көктемде атқарылатын жұмыстарды қала әкімі нақтылап берген болатын. Бірінші кезекте қаладағы ирригациялық жүйелерді ретке келтіру қажет. Мамандар жаяу жүргіншілер жолын жақсартып, қала тазалығын да естен шығармауды айтып отыр. Әсіресе жасыл желекті күтіп-ұстауға көберек көңіл бөлінеді. «Бір-бірімізге жәрдем көрсетіп, тазалық шарасына қатысамыз. Ағаш көшеттерін отырғызамыз. Әктеп-сырлау жұмыстарын ұйымдастырамыз. Бұрын бір-бірімізді танымайтын едік, енді міне, ортақ мақсатта күш біріктіріп, қала тазалығына үлес қосудамыз», – дейді «Нұрсәт» шағынауданындағы үй комитетінің төрағасы З.Баймуханбетов. Бұл ретте мамандар алдағы уақытта да тұрғындар қала тазалығына осы ынтамен үлес қосар болса, келешекте көшелер мен аулалар көркейіп, гүлдене түсеріне сенімді.Шымкенте қалалық ТҮКШ бөлімінің мамандары алға қойып отырған жоспарлары ауқымды. Ол кезең кезеңімен жүзеге асатын болады. Қаланың тазалығына міндетті мекемелердің жауапкершілігін арттыру мәселесі де назардан тыс қалмақ емес.  

901 қаралым