Жарияланды: 31.03.2020

Ерекше күтімге алынған

Қала тұрғындарының басым бөлігі саялы саябақтарда демалғанды ұнатары сөзсіз. Бүгінде Шымкент қаласындағы барлық саябақтар ерекше күтімге алынған. Келушілерге барынша қолайлы жағдай жасалған. Айнала жасыл желек, алқызыл, сары гүлдер көз қуантады. Спортпен шұғылданам деушілерге арнайы тренажерлар орнатылған. Ал білім іздеп, уақытын тиімді пайдалануды көздейтіндер үшін Wi-Fi интернет қызметі іске қосылған. Шымкенттегі 4 саябақ пен 2 аллеяда тегін лимитсіз Wi-Fi интернет желісі бар. Ғаламторға тегін қосылу вай фай нүктелері Абай, Тәуелсіздік, Жеңіс, Орталық және Жастар, Нұрсәт аллеяларында бар.

817 қаралым