Жарияланды: 31.03.2020

Шымкенттегі саябақтар қоршаусыз болады

фото Н.Байбақ

Шымкент қаласындағы Абай саябағы шаһардағы ең көне бақтардың бірі. Жуырда осы Абай саябағының Қ.Рысқұлбеков көшесі бойындағы аумағындағы темір қоршаулар аынып тасталды. Жаяу жүргіншілерге арналған жол кеңейтілді. Айналасына әсем гүлдер егілді. Қала әкімдігінің энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы барлық демалыс орындарындағы қоршауларды алып тастамақ. Халық игілігіндегі саябақтар мен гүлзарлар, қоғамдық орындар болғандықтан  жабық емес ашық күйінде болуы тиіс,- дейді шенеуніктер. Нұрлан Жаманкөз, Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының м. а: «Қаладағы барлық саябақтардағы қоршауларды алып тастау жөнінде қала әкімінің тапсырмасы бар. Қазіргі таңда «Жеңіс» және «Металлургтер» саябақтарының қоршаулары алынып тасталды. Абай саябағындағы қоршауларды алып тастау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Халық пайдаланатын қоғамдық орындар болғандықтан олар жабық емес қалаған уақытында кіре алатын демалыс орны болуы керек. Қоршауларды мемлекеттік мектептер, балабақшалар мен тұрақтарға орнатамыз».

784 қаралым