Жарияланды: 31.03.2020

Мәдени астананың тұрғындары да мәдениетті болса…

Шымкент қаласындағы Абай саябағындағы Даңқ мемориалы және Қ.Рысқұлбеков көшесінің бойын көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. «ЛТД Тұрмыс» серіктестігінің 50 — ден астам жұмысшысы демалыс орнымен шекаралас аймақта гүл егіп, көгал төсеген болатын жуырда ғана. «Шымкент ТМД-ға мүше елдердің мәдени астанасы мәртебесіне сай болуы үшін тұрғындары да мәдениетті болуы тиіс» деп есептейді коммуналшылар. Жасыл желек, жайқалған гүлдердің күтіміне жауапты мамандар жерлестерін Шымқаланың шырайлануына үлес қосуға шақырады. «Көгалды таптамай, гүлдерді жұлмай мәдениеттілік танытса екен. Шымкент мәдени астана болғандықтан осы атауға лайық болуымыз керек. Тұрғындарды тазалықты сақтауға ат салысуға шақырамыз» дейді жұмысшылар. ТМД елдерінің театр фестивалі, Әл Фарабидің 1150 жылдығына орай «Шымкент – қайырымды қала» ғылыми -тәжірибелік конференциясын ұйымдастыру жоспарда бар.

773 қаралым