Жарияланды: 31.03.2020

Жаз айында жұмыс қызады

Бүгінде Шымкент қаласының тазалығына  «ЛТД Тұрмыс», «СМД-Құрылыс», «Бәйтерек-ЛБ», «Югдорсервис» ЖШС мердігер мекемелері жауапты. Олар шаһардағы 156 орталық көше, 8 саябақ, 32 гүлзар, 46 ескерткіштің тазалығына қарайды. Қаламызда 2 мыңнан астам көше, 2010 көпқабатты тұрғын үй, 1400-ге жуық аула бар. Қазіргі таңда 1, 2, 3 санатты 156 көшенің тазалығына санитарлық-тазалық мекемелері жауапты. Жаз айларында аталған компаниялардың жұмыстары қыза түсетіні анық. Себебі жаз маусымында көшелерді жуу, қала аумағындағы гүл, ағаш сынды жасыл желекті күтіп ұстау, суару жұмыстарының барлығы осы ұжымның мойнына артылады. Бұл шаруалар көбіне кешкі және түнгі уақыттарда атқарылады екен. Бұдан өзге қаладағы 1 146 аялдаманың бірқатары жекеменшікке берілгенімен, басым бөлігі мемлекет меншігінде. Оларды күтіп-ұстау жұмыстары – ТҮКШ бөлімінің құзырында. Ең бастысы аялдамалар жолаушыларға ыңғайлы болу керек дейді мамандар. Атына заты сай қалада соңғы жылдары шатқалдардың саны көбейген. Биыл ондағы көгалдандыру жұмыстарына қала тұрғындары жаппай кіріскен болатын. Қазір «Шымсая», «Юнус Эмре», «Депутаттар» және «Нұр Отан» шатқалдарында жер асты су ұңғымаларын қазу, саябақтарды күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде. Әкімшілік-іскерлік орталығындағы «Юнус Эмре» саябағының жобалық-сметалық құжаттары дайын. Келер жылы бұл шатқалда қызу құрылыс жұмыстары жүргізу жоспарланған.

 

adym.kz

969 қаралым