Жарияланды: 31.03.2020

Жаңа саябақтар қатары көбеймек

Шымкент қаласында биыл жаңадан 4 саябақтың құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Жаңа саябақтар бұрынғы қоқыс полигоны аумағында, Әкімшілік-іскерлік орталығында, №1 автожол бойында және «Қасірет» мемориалының жанында салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Ташкент, Түркістан және Бозарық бағыттарындағы қалаға кіретін жолдардың бойы да көркейеді деп күтілуде. Сонымен қатар, 2020-2022 жылдар аралығында Шымкентте 586 тұрғын үй пайдалануға берілмек. Оның ішінде 2020 жылы 9 016 пәтерлі 161 тұрғын үй салынбақ. Ал, 2021 жылы салынатын 193 тұрғын үйде 10 808 пәтер, 2022 жылы салынатын 232 тұрғын үйде 12 992 пәтер болады деп жоспарланған. Нәтижесінде 32 816 отбасы баспанамен қамтылмақ.

958 қаралым