Жарияланды: 31.03.2020

Жаңа мектеп пайдалануға дайын

Шымкент қаласы аумағында салынып жатқан әлеуметтік нысандар қатары күні санап артып келеді. Білім бесіктері мәселесі шешімін тапса, алдағы уақытта үш ауысымды мектептер мүлдем болмайды. Осы тарапта атқарылып жатқан шаруа шашетектен. «Шымкент Сити» аумағындағы мектеп пайдалануға дайын. 1200 орындық білім ғимараты заманауи жобамен салынуда. Мектеп төртінші тоқсанға балаларды қабылдауға сақадай сай. Нысан іске қосылғанда осы аумақтағы 3 ауысымды мектеп мәселесі шешіледі дейді басшысы.Қазір қалада мектеп құрылысы қарқын алған. Салынып жатқан 13 білім ғимаратының 7-уі жыл соңына дейін шәкірттердің игілігіне тапсырылатын болады. Бұл қаланың әлеуметтік дамуы бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың бір парасы ғана. 

 

1 080 қаралым