Жарияланды: 31.03.2020

Ескерткіштер қараусыз қалмаған

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданында өткен жылы атаулы әлеуметтік көмек алған 2249 отбасы өз кәсіптерін ашқан. Бұл туралы аудан әкімі Ғ.Мәуленқұлов айтып өтті.Оның айтуынша, әлеуметтік көмекті алған отбасылардың 760-сы тігін цехын ашса, 550-і кондитерлік өнімдер шығаруда, ал, 743 отбасы мал шаруашылығымен, 128-і сұлулық салондарын және 68 отбасы ағаш өңдейтін цех пен егін шаруашылығымен айналысуда екен. Өткен жылғы жоспар аясында аудан аумағындағы бірқатар жұмыстар толық орындалса, үйлердің ауласына ойын алаңшалары мен спорттық сауықтыру элементтерін орнату жоспары орындалған.Қазір Әл-Фараби ауданында 218 865 тұрғын, 14 елдімекен бар. Қала орталығында орналасқандықтан мұнда халыққа күнделікті қажетті инфрақұрылым мәселесі шешілген деуге болады. Аудан аумағындағы саябақтар, гүлзарлардың тазалығы жауапты мекемеге жүктелген. Ескерткіштер де қараусыз қалмаған. Тазалық мекемесі ескерткіштерді дер уақытында шаң тозаңнан тазартып тұрады.

1 328 қаралым