Жарияланды: 31.03.2020

Тазалық шаралары жалғасын табатын болады

Елдегі жағдайға байланысты бүгінде Шымкент қаласындағы барлық аумақта санитариялық тазалық шаралары жүргізілуде. Тазалыққа жауапты мекемелер тазалық шараларын жүргізіп болғаннан кейін жауапты мекемелер зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізуде. Әл-Фараби аудан аумағында сервистік мекемелер тарапынан көпқабатты тұрғын үйлерді дезифекциялау жұмыстары өз жалғасын табуда. Әл-Фараби ауданы аумағында саябақтар, гүлзар  және адам көп шоғырланатын аумақтарды дезифекциялау жұмыстары өз жалғасын табуда. Одан бөлек, бүгін, яғни (31.03.2020ж) сервистік мекемелер тарапынан 53 көпқабатты тұрғын үйге, 148 кіреберіс алаңдарына және 28 аулаларға дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар күнделікті өз жалғасын табатын болады.

1 069 қаралым