Жарияланды: 31.03.2020

Тазалықты сақтау үшін арнайы қоқыс жәшіктері орнатылмақ

Шымкент қаласындағы «Нұрсәт» шағынауданы жаңа аудандардың бірі. Көкке бой тіреген көпқабатты үйлері көп шағынауданда балалар үшін ойын алаңдары салынуда. Қаратау ауданына қарасты шағынауданда соңғы әлетте әп бәрекелді дегізерліктей жұмыстар молынан атқарылуда. Құрылысшылар ойын алаңшалары балалар үшін қауіпсіз болады, барлығы да стандартқа сай салынады деп сендіріп отыр. Одан бөлек, құрылыс жұмыстары біткен соң айналаны көгалдандыру қоса атқарылмақ. Тал дарақтар отырғызылып, гүлдер егіледі. Тазалықты сақтау үшін арнайы қоқыс жәшіктері орнатылмақ. Бұл алаң балалар үшін саялы мекен саябаққа айналмақ. Көпқабатты үй тұрғындары балалар үшін жағдай жасап жатқан қалалық әкімдікке алғыстарын жаудырып отыр.

981 қаралым