Жарияланды: 03.04.2020

Символдық ерекшелігі бар

Шымкентте ерекше ескерткіштер жетерлік. Барлығының да символдық ерекшелігі бар. Шымкенттегі Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би атындағы үш көшенің қиылысында Ордабасы алаңы орын тепкен. Осы алаңның қақ ортасында Тәуелсіздік монументі алыстан мен мұндалайды. Биіктігі 24 метрге жететін мұнараның төбесінде қолын көкке соза ұмтылған Жер-Ана ескерткіші тұр. Мазмұнды маңызы бар ескерткішті салуға кәсіпкерлер 48 миллион теңге бөлген болатын. Ескерткіштің авторлары Бақытжан Әшірбаев пен Насыр Рүстемов. Екеуі де Шымкенттің көркеюіне аз еңбек сіңірген жоқ. Қаланың қай бұрышындағы ғимарат, ескерткіштерде де екі таланттың қолтаңбасы бар. Былтыр айтулы ескерткіш кешен жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қаланың қақ ортасында орналасқан ескерткіштің айналасы көріктендіріліп, көгалдандырылды.

1 327 қаралым