Жарияланды: 03.04.2020

Саябақтың аумағы да ұлғайған

Шымкенттің ең көне Металлургтер саябағы бүгінде адам танымастай өзгерген. Қала әкімінің тапсырмасына сай енді саябақта қоршау болмайды мақсат саябаққа серуендеп, демалуға келгендерге мейілінше жағдай жасау. Біраз уақыт бұрын қараусыз қалған саябаққа келгендердің көңілдері құлазитын. Тоқырау заманын еске түсіретін жер еді. Енді, міне, жап-жасыл 3,6 гектар жер көгалдандырылып, субұрқақ жаңартылды. Осының бәрін көрген шымкенттіктердің қуаныштарында шек жоқ. Сала мамандарының айтуынша, саябақтың аумағы да ұлғайған. Енді ол 5 гектарға жуықтады. Демалыс орнындағы заңсыз құрылыстар алынып, орнына демалушыларға қажет орындықтар, түрлі ескерткіштер қойылған. Бүгінгі таңда мердігерлер ескі қоқыс алаңындағы жерді игеріп, саябақ салу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Айтуларынша қала халқының саны өскен сайын демалыс орындары да көбеюі тиіс. Осы бағытта көптеген жұмыстары атқарылуда.

859 қаралым