Жарияланды: 03.04.2020

Ең биік ескерткіш

Шымкенттегі Бәйдібек би даңғылының бойында Бәйдібек би ескерткіші орналасқан.  Ақыл-парасатымен, ерлік істерімен елге ұйытқы болған тарихи тұлғаның қаладағы ең биік орынға жайғасуы да тегін емес. Біріншіден, қалаға кіре беріс даңғыл жол Бәйдібек бабаның есімімен аталса, екіншіден, ескерткіш орнатылған бағытта Бәйдібек ауданы бар. Бұл маң қаланың ең биік нүктесі саналады. Шымкент қаласындағы ең биік ескерткіш 2012 жылдың күзінде ашылды. Ескерткіштің жалпы биіктігі — жерден алғанда 23 метр. Соның 10 метрін мүсіннің өзі құрайды. Салмағы тоғыз тонналық қола мүсін шығысқа қарап тұр. Мұнда келушілердің қарасы қалың. Әсіресе жас жұбайлар кортежі мұнда жиі ат басын бұрады. Қалалықтар қасиетті баба ескерткішіне құрметпен қарайды. Мұнда әрдайым тазалық салтанат құрады. Ұдайы тап-таза әрі тыныш мекен.

1 356 қаралым