Жарияланды: 03.04.2020

Ескерткіш елдіктің белгісі

Шымқаланың сәніне сән қосып, келбетін ашып тұрған ескерткіштер жетерлік. Әрқайсысы өзінше бір өзгешелігімен ерекшеленеді. Шымкент шаһарында соңғы әлетте 20-дан астам ескерткіш бой көтерген. Олардың жергілікті маңызға ие, тарихи және мәдени ескерткіштер санатына кіретіндері – 8. Олардың барлығы да архитектуралық сипатқа ие, ерекшелігі басым. Сәуірдің 18-і Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні. Бұл күні жауапты мекемелер арнайы кештер ұйымдастырып ескеркіштер күнін атап өтеді. Қалада бой көтеріп жатқан ескерткіштердің саны жыл жылжыған сайын артып келеді. Олардың қатарын белгілі бір мерекеге орай ашылған кіші сәулет ескерткіштері де толықтырып отыр. Шымкент қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі, аумақтарда құрылыс салу секторының меңгерушісі Бағлан Балғынбаев: «Шымкенттегі ескерткіштердің біразы жеке тұлғалардың  қаражатына салынса да қала меншігіне өткен. Олардың ешқайсысы а қараусыз қалған емес. Ұдайы тазалау, әрлеу жұмыстары жүргізіліп тұрады. Оларды қайта жөндеу, тазалау жұмыстарымен қалалық коммуналдық шаруашылық бөлімі айналысады. Ол үшін жыл сайын жергілікті бюджеттен қаржы бөлінеді. Сол мақсатқа биыл 20 млн. теңге бөлініп отыр».

2 247 қаралым